Хабарсыз кеттіңіз шынымен – Құралай Омар

Бұл бетте «Хабарсыз кеттіңіз шынымен» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1176
Хабарсыз кеттіңіз шынымен,
Ұстатпай. Ұқсайсыз қашқанға.
Хат жаздым сізге арнап түнімен
Сағыныш жайында аспанға.
Әсемдеп Айменен, жұлдызбен
Жүректің сөздерін көкке ілдім.
Сіз ұйықтап жаттыңыз бір қызбен,
Көруге шамаңыз жоқ, білдім.
Таң жақын, жұлдыздар маужырап барады,
Хаттарым тағы да оқылмай қалады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері