22 қаңтар. 2007 жыл – Құралай Омар

Бұл бетте «22 қаңтар. 2007 жыл» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 967
Мұң мені жатты қамап,
Көзде шық жылтылдайды.
Көрмеген сәтті санап,
Тек сағат сыртылдайды.
Сағыныш сіңіп қалған
Жүрегім тоқтар ма еді.
Қанатым сынып, талған,
Ұшуға жоқ дәрменім.
Бес күндік жалғанымның
Өртеді күйіктері.
Бұлттай ақ арманымның
Ең асқақ кейіпкері,
Маржан сөз төске теріп,
(Белгілі, ұтыларым)
Сізге арнап тост көтеріп,
Жасымды жұтып алдым.
Туған күніңізбен!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері