Қуанышым әрі мұңым ең – Құралай Омар

Бұл бетте «Қуанышым әрі мұңым ең» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
Қуанышым әрі мұңым ең...
Бақыттысыз ба шынымен?!
Бақытсыз бір жан сізді ойлап,
Жыр жазып шықты түнімен.
Үмітімді тағы сөндіріп,
Кірпігіме маржан қондырып.
Араласты діріл үніме,
Салқын сөзіңіз тоңдырып.
Жаурады жаным, күй осы.
(Басымды деп ем сүйеші)
Алыстап қайда барасыз,
Армандарымның иесі?
Қаңырап қалған жұрттаймын.
Жүректі жаншып бұлт – қайғым,
Жүзімді жуған ап-ащы
Көзімнің жасын ұрттаймын,
Сізге бақыт тілеп тұрып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері