Теңіз – ой, мың шығып, мың баттым – Құралай Омар

Бұл бетте «Теңіз – ой, мың шығып, мың баттым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 878
Теңіз – ой, мың шығып, мың баттым.
Біреуге – сырсандық, біреуге жұмбақпын.
Жанымды жанардан оқыған
өзіңіз едіңіз, қымбаттым.
Сырымды ұрлаттым. Дәрменсіз қарашық.
Арманым Ай, Күнмен таласып,
Жұлдызбен жарасып...
Болжаусыз күндерге отырам бал ашып.
Зарығу, ынтығу,
Сағыну... ұмтылу...
Иектеп неше мұң,
Төзімді тауысу,
Тәп-тәтті қауышу,
Ал сосын бақыттан масайрау... кешегім.
Кешемін
Өзімді, сізді де ақтаймын.
Тәңірім ұсынған тағдырға тақпай мін.
Өткеннің әдемі елесін
Бақиға жеткенше жүректе сақтаймын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері