Қыс
Бұл бетте «Қыс» атты Жүсіпбек Аймауытов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар.
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар,
Қылаулатқан қырау бар.
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар,
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар,
Сүмендеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.
Өте керемет
Робт
Сабак
Өте жақсы
Өте жақсы
Оти кармат