Құлашын жайып сары кеш – Құралай Омар

Бұл бетте «Құлашын жайып сары кеш» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 661
(Анна Ахматовадан)

Құлашын жайып сары кеш,
Сәуірдің есті салқыны.
Болса да, жаным, бәрі кеш,
Қуандым көңіл алқынып.
Отыршы келіп қасыма,
Қарашы нұрлы көзіңмен:
Шыланған дәптер жасыма –
Естелік балғын кезімен.
Күн кештім мұңмен төзімсіз,
Алмадым және жұбана.
Кешірші, кешір өзіңіз,
Қателестім көп, сынама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері