Не дейiн саған, қоңыр жел – Құралай Омар

Бұл бетте «Не дейiн саған, қоңыр жел» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Не дейiн саған, қоңыр жел, жапырақты үз, жылат.
Алғашқы қар қылаулады, орынынан күз құлап.
Жауа салып ерiп жатқан қарды жақсы көргенмен,
Мұңлық қардың мұң тағдырын түсiнбейсiз сiз бiрақ.
Әйнектердi сызғылап... Хабары жоқ түк Күннен
Қауқарсыз ақ ұлпаларға қарап тұрып бұқтым дем.
Сағыну мен аңсауды сап-сары деп жүр едiм,
Ақ түсте де зарығу бар екенiн ұқтым мен.
Тосу, төзу – Қорқыт көрi құтылмайтын қашқаннан,
Жанарымнан, бәлкiм, бәлкiм жүрегiмнен жас тамған.
Қар дегенiм – күтулерден көкiрекке жиналған
Көз жасының суретi екен суып түскен аспаннан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не дейiн саған, қоңыр жел өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Не дейiн саған, қоңыр жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не дейiн саған, қоңыр жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не дейiн саған, қоңыр жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері