Мұң басып кеттi
Бұл бетте «Мұң басып кеттi» атты Құралай Омар жазған мұң туралы өлең берілген.
Мұң басып кеттi...
Мұнда қыс өттi.
Аппақ қар бүркеп тәнiмдi,
Сыңсыта салған әнiмдi
Жеткiзе алмадым өзiңе.
Күлгенде көктем,
Гүлге үмiт еткем.
Iздедiм сенi жасыннан бiрақ.
Өрмелеп шыққан тасымнан құлап
Жете алмай қалдым өзiңе.
Жайнады жаз да.
Жайларым аз ба
Сағыныш тұнған кiрпiкте?
Қанатым сынған... үркiтпе...
Жете алмай келем өзiңе.
Кiмдерге күлем?!
Күндерде күрең
Ұшамын самғап құспенен.
Кей кезде таң қап түс көрем
... Жетермiн бәлкiм өзiңе...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі