Өкпемді жаза алмай кеткенмін – Құралай Омар

Бұл бетте «Өкпемді жаза алмай кеткенмін» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 946
Өкпемді жаза алмай кеткенмін,
Өкпеңді айта алмай кектендің.
Жаныңды ауыртар, білемін,
«Қош бол» деп кеткені көктемнің.
Бәрін де, бәрін де сеземін,
Таппады жүрек пен көз емін.
Өткенге оралғым келмейді,
Өртеніп жатса да өзегім.
Төземін, мейлі мұң меңдесін,
Бар ойым, болса да сенде есім.
Көрмеуге бекіндім, жаныңды
Мен емес, күрең күз емдесін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері