Асыққан ем, арман саған шақырып – Құралай Омар

Бұл бетте «Асыққан ем, арман саған шақырып» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1008
Асыққан ем, арман саған шақырып,
Жете алмадым, адастырды соқыр ән...
Жұрт көзiнен өзiмдi өзiм жасырып,
Жолданбайтын хаттар жазып отырам.
Құрай алмай үзiк-үзiк үмiттi,
Құлазимын, кете жаздап құрдымға.
Сен ғана ма, Ай да менi ұмытты...
Жан сырымды түсiнбедi құрбым да.
Алыс кезде көрiнушi ең Күн сынды,
Жақындап ем, ұстатпадың, сағымсың.
Көзсiз жүрек алып болды тыншымды,
Дедiң бе әлде “Сағынсыншы, сағынсын”.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері