Төселдiк-ау қала, шерге – Құралай Омар

Бұл бетте «Төселдiк-ау қала, шерге» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 736
Төселдiк-ау қала, шерге.
Жылжытпай жүр алға мұң.
Жауды талай қара жерге
Менiң аппақ арманым.
“Қапаланба, елiк тектiм”
Деп уатты өз үнiм.
Сiздi көрiп ерiп кеттiм –
Ерiдi аппақ сезiмiм.
Жанарымнан шық ұрлады...
Қырда өскен гүл едiм.
“Сүйемiн” деп сыбырлады,
Жапырақтай жүрегiм.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері