Басы саудың түгел-дүр
Бұл бетте «Басы саудың түгел-дүр» атты Жиембет Жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басы саудың түгел-дүр
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр.
Азап шектім аралда
Ханға қарсы тұрам деп.
Түн ұйқымды бөлгенмін,
Жұртымды жөнге салам деп.
Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік,
Қашырды бүйтіп елімнен
Күйеуден безген қатындай.
Өте керемет керек дүние жазғаныңыз рахмет
Қазақ әдебиеті пәнінен ен жаксы коретн жырауым жиембет жырау ал жиембет жыраудың жырларынан жақсы көретінім еңсегей бойлы ер есім
Өте керемет маған ұнады
Мағанасы не
Маған өте қатты ұнады сыздердн маған комектерыныз тиды
Маған ұнады Себебі мен әдебиетті ұнатамын