Мендегі иман сертім бұл! – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мендегі иман сертім бұл!» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 959
Қиялға қызықтап қалықтағанымда,
Пенделік жеңіп шарықтағанымда,
Рухым әлсіреп, арықтағанымда,
Сеземін
Бейшара екенімді
алып табаныңда.
Ерлікті көріп, еркіндегенімде,
Жеңісті көріп желпілдегенімде,
Думанды көріп, селкілдегенімде,
Есімді жиямын
Жүректің берген
сертін көремін де.
Сенсіз бәрінен тұл екенімді,
Шарасыз пенденің бірі екенімді,
Өзіңнің арқаңда тірі екенімді,
Мойындап,
Саған басымды ием,
Аллаһ,
Алдыңда құл екенімді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері