Өлең, жыр, ақындар

Қайда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Батырың қайда, дұшпаның келіп бағынған?
Тұлпарың қайда,
шаң жұқпас жүйрік сағымнан?
Қайсарлық қайда,
өркештеп жатқан қаныңнан,
Қарқара тұлға қарттарың қайда, табынған?
Аруың қайда, айшылық жолдан аңсаған?
Шақтарың қайда,
кең өріс тапқан тар санаң?
Жетімдік түссе көрсетпей кеткен әлсізге,
Күндерің қайда,
жамандық біткен жамсаған?
Мұралың қайда, ұраның қайда, арлы жол?
Ортаға шығар береке десе қарғып ел.
Бәрі де бізде, бәрі де бізде...
Бірақ та
Пенделік деген түрмелеп отыр қандықол...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қайда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері