Адамдардың ниеті – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Адамдардың ниеті» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1101
Қалшылдатып, тоңдырды салқын қандар,
Айтқанында тұрмайды антұрғандар.
Тілі – ызғар, қабағы – қар, көзі – кекті,
Емге іздесең табылмас жарқын жандар.
Жамандықтың малтасын жатып ездің,
Қаптап кетті жауыз бен қатігездік.
Иман безіп, кеудеңнен көтерілді,
Қай жеріңде, жарандар, жатыр елдік?!
Босамайды жаңжалдан, ұрыстан бас,
Заман болды қураған, ырыс тамбас.
Иман келіп орнамай әуел бастан,
Адамдардың ниеті дұрысталмас.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері