«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте ««Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 667
«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын,
Түсіндім, бұл мақсатпен оза алмасын.
Бақ талас, атақ қуған бөлек-бөлек,
Әр ру жасағасын өз «Алласын».
Қызынып, қырық түрлі ұрандайды,
Әлсізге өктем, күштіге бұлаңдайды.
Аузында «Мұсылманбыз» дегенімен,
Сауатсыз құдіретті Құран жайлы.
«Әруақтап» ат қояды бүлік десе,
Абай да зар жылапты-ау біліп кеше.
Бұл қазақ қасіреттен арылмайды,
«Бисмилла, бір Аллаһ» – деп бірікпесе!
Май құйып алды-алдына, от көсеген,
Өліні босқа әурелеп, текке сенген.
Өршиді алтыбақан алауыздық,
Қаптаған көп «Құдаймен», көп көсемнен.
Шегі жоқ қуа берсең жан құмардың,
Қараңғы қалды емес пе қалғыған күн?
Тек бізді қолдайтын да, қорғайтын да,
Жаратқан бәрімізді жалғыз – Раббым!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері