Мен аңсаған патшалық – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мен аңсаған патшалық» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Кешегі мен бүгінгі, ертеңгінің,
Мақсаты – ұстау қолына ел теңдігін.
Өткізбесе болғаны күнін күпті –
Қияды деп қиналып желкемді кім?!
Жүрмесе тек жарар ед жәбірленіп,
Билік құрса бір егей жанында ерік,
Езілмесе еңсесі адамдардың,
Соғып тұрса жүрегі жалын керіп.
Бір-бірінен шөл басса мейірімнен,
Таза тұрса пенденің ойы кірден.
Ақсақалдың арманы орындалып,
Кездеспесе кейуана кейіп жүрген.
Байқалмаса өмірде қыңыр бары,
Осы еді ғой тілегім ғұмырдағы.
Болар еді аңсаған, баяғыдан,
Мен ойлаған Патшалық құрылғаны.
Қоғам тегіс толысса текті көпке,
Айналмаса күн көзі көк түнекке.
Ондай Хандық ордалы сарайда емес,
Қалыптасып, орнықса ет жүректе!
Оған барар жол қане, бастар сені?!
Алдырмайды асуы, асқар белі.
Телі менен тентектің былықтырған,
Даламызды тастаған ластап селі.
Бәрі, бәрі, бәрінен... болған мықты,
Ғарыштағы көтерген толған жүкті.
Құдіретті Аллаһты танысақ біз,
Құрып шығар едік-ау сол Хандықты.
Сол Хандықтың нұры бар «Иман» деген,
«Патшаң жалғыз –
бір Аллаһ! Илан» дер ем.
Екі әлемнің тізгінін тең ұстаған,
Аллаһтың айтқанынан сый бар ма ерен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен аңсаған патшалық өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен аңсаған патшалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен аңсаған патшалық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен аңсаған патшалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері