Жан - нәресте

Бұл бетте «Жан - нәресте» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Пенделіктің ажырғысын
алып тастай алмадым,
Іс бітірер ертең бар деп өзімді-өзім алдадым.
Тән топырақ болғандықтан
жерге тарта береді,
Ұйқы арсыздың қызығына
ешқашан да қанбадым.
Мен келемін ұтылумен
тірлік дойбы – тіресте,
Қайта келу қайдан болсын
адамдықтың түрі өшсе.
Қолым бармай қожырасам
қойған үлкен мақсатқа,
Арманымнан алыстайтын
арбап мені түн өтсе...
Рухым әлсіз болғандықтан
ұйқым арсыз болып тұр,
Төзім берші, төреші Аллаһ,
көкіреке толып нұр.
Тән жетектеп тәлкек етті,
жан нәресте есеймей,
Аллаһ, мені құдіретті қуатыңа жолықтыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан - нәресте өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жан - нәресте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан - нәресте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан - нәресте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері