Быжылдап күйді, от ұрып тәнім

Бұл бетте «Быжылдап күйді, от ұрып тәнім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Быжылдап күйді, от ұрып тәнім,
Жүректен ақты жосылып қаным.
Айналам арсыз тірліктен безіп,
Тыныштық аңсап отырып қалдым.
Ақшаның арты – қайраңды батпақ,
Қошемет етер айлаңды мақтап.
Санасыз үшін өмір – жеп, ішу,
Сауық қуады сайранды жақтап.
Үскірік аяз бораса қарып,
Жығылсам түбір, томаша қағып.
Өкінбес едім,
Өзімше кетсем,
Байыз тапсам бір оңаша барып.
Көрпеге малу жанбасты қалың,
Жараспайды екен алмастырамын,
Жеті қат көктің нұрын сүйемін,
Жүрегімменен жалғастырамьн.
Үйіме келсең үйіп-төгемін,
Үйлесім тауып иіп беремін.
Жүректің ғана жиып керегін,
Арманым – анау биікте менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Быжылдап күйді, от ұрып тәнім өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Быжылдап күйді, от ұрып тәнім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Быжылдап күйді, от ұрып тәнім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Быжылдап күйді, от ұрып тәнім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері