Өмір – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Өмір» атты Роза Сейілхан жазған өмір туралы өлең берілген.

Қойыңдаршы,
Өмірге тиіспеңдер,
Себебі онда бәрі бар не керектің.
Гүлін жұлмай, жай ғана иіскеңдер,
Бұзбаңдаршы, келбетін кереметтің.

Қойыңдаршы,
Өмірді сынамаңдар,
Онда білем, ой, шұңқыр бұралаң бар.
Көңілімде дегендер бір алаң бар,
Сол алаңнан шығатын мың амал бар.

Қойыңдаршы,
Өмірді даттамаңдар,
Тоңдырса да дауылдар, ақ борандар.
Құзырымен, Алланың жазуымен,
Өмір дейтін әлемге тап болғандар.

Қойыңдаршы,
Өмірге тиіспеңдер,
Керемет қой, тау, дала, мүйіс-белдер.
Өмір деген берілген бір-ақ рет,
Гүлін жұлмай, жай ғана иіскеңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері