Бұл бетте «Жалғызбын десем» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғызбын десем,
Көп екенмін ғой,
Күпірлігім үшін ұялдым.
Бармын ба десем,
Жоқ екенмін ғой,
Жоқ болсам неге сүйе алдым.
Адалмын десем
Өтірік кілең,
Жалғандығым үшін қысылдым.
Бір жібі кетіп сөтіліп тұр ең,
Тоқылатыныңды түсіндім.
Арманмын деп ем,
Қиял екенмін,
Оны да еркін ұшырдым.
Қай жаққа барып сияр екенмін,
Қолыңнан неге у ұсындың.
Өлдім ғой деп ем,
Тірі екенмін ғой,
Бағып тұр бәрін жанарым,
Өзіме сыймай жүр екенмін ғой,
Несін айтасың, қарағым.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі