Тіршілікте әр алуан іс табылар – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Тіршілікте әр алуан іс табылар» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 998
Тіршілікте әр алуан іс табылар,
Маған да бір жақсылықтың таңы бар.
Тондылық пен қоңдылыққа мән берме,
Есті болсаң ет қашқанда танып ал!
Сынақ өмір сыртын беріп барады,
Жеңі-жырым, сауыс-сауыс балағы.
Серіңді де, еріңді де еңкейтер,
Сізден де бір, бізден де бір қалады.
Қалады сол... жалғандықтың тамамы,
Мұз үстінен көтерілген тағаны.
Мәңгілікке аттағанда, тек сені,
Бар болса егер,
Иман ғана табады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері