Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?

Бұл бетте «Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?
Жатам ба жол ортада үздігіп мен?
Жоқ әлде табысымды табамын ба?
Жаныма қуат жиып ізгіліктен.
Қандай күн бізді өзіне шақырады?
Шуақ па?
Сұр тұман ба атырабы?
Тамырым тіршіліктің нәрін жинап,
Жанымның жайқалар ма жапырағы?!
Жол тартып жер шарының доғасымен,
Су кешіп, кедір-бүдір дөң асып ем.
Иманды жетекші етіп жүру – менен
Болары тек Аллаһтың жобасымен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері