Мұқағалиға – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мұқағалиға» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Абайдан соң дара шыққан данышпан,
Жүрегіңнен жыр сауылдап, ән ұшқан.
Сенің жаның жарқыраған нұр сипат,
Сөнбес алау шақырады алыстан.
Жазған, айтқан сөздеріңе тәнтімін,
Тағдырыңа куә болған таң, түнің.
Айналаңда ақындар көп албыртқан,
«Атақтының» таба алмадым тамтығын.
Өзгешелеу екі әлемге қарасың...
Хан-Тәңірге тартып туған дара шың.
Мұқа, сенің құлақ түрсек мұңыңа,
Шөлдегенге тамшы болып тамасың.
Сен іздепсің Жаратқанды жол шегіп,
Саясатқа бола алмапсың жолсерік.
Аллаһ құлы, Мұхамметке үмбет боп,
Құран сөзін қастерлепсің зор сеніп.
Жұрттан асқан даралығың осында,
Мойынсұндың мұсылмандық қосынға.
Ерте ашылған жүрегіңнің хақ көзін
Жауың түгіл, түсінбепті досың да...
Сөздеріңнің құдіреті Алладан,
Ғұмырлы етіп, үзілмес қып жалғаған.
Періштенің бұйрығына жүгіндің,
Жырың содан жердің жүзін шарлаған.
«Бір Аллаһ» деп, Абай жүрген жолдасың,
Жыра да емес, биік жота, жондасың.
Миллиондар саған дұға жасауда,
Бақиыңда болсын иман жолдасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағалиға өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұқағалиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағалиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағалиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері