Бір өзіңе арналады – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Бір өзіңе арналады» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Өмір берген бір өзіңе жүгінем,
Ақиқаттың ұстаттың сен жібінен.
Ғашық болдым, асық болдым ақ нұрға,
Жүрегім мас, махаббатқа жібіген.
Кенелдірдің ризыққа, шуаққа,
Жолықтырдың «ғылым» деген суатқа.
Адамдардың үстем етіп мерейін,
Қауыштырдың қажымайтын қуатқа.
Алла саған бас иемін, сыйындым,
«Акбар» десем жеңілдейді қиын күн.
Рухымды жарқыратып, жайнатып,
Көкірекке иман болып құйылдың.
Аманатың – жан құсымыз,
Хаһ жолында бар күшіміз.
Бір өзіңе арналады,
Мақтау, мадақ, алғысымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір өзіңе арналады өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Бір өзіңе арналады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір өзіңе арналады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір өзіңе арналады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері