Күн ызғарлы суық тым
Бұл бетте «Күн ызғарлы суық тым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Күн ызғарлы суық тым,
Майы қашқан қуықтың.
Қыз-қыз қайнар кезімді,
Әлдеқашан ұмыттым».
Деген еді
Оралхан,
Жеңіл ғана күрсініп.
Жақындапты
Ор әр таң,
Түгесіліп тіршілік.
Кім аңғарған жайтты анық?
Өте шықты жарық күн.
Тым ертерек қайтты алып,
Сүйіктісін халықтың.
Бурасына мінді ме?
Жаныңда ма кер бұғың?
Марқұм сол сәт білді ме,
Алтайындай өрлігін?
«Атау кере» – парық, құт,
Күллі «Қотан ...» отауың.
Үзілерде жарықтық,
Іше алды ма атауын?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі