Жазайын десем менсіз де – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жазайын десем менсіз де» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Жазайын десем менсіз де,
Алматыда ақын көп.
Жазбайын десем, елсізде,
Өлеңнен басқа жақын жоқ.
Дегенім «елсіз» – шындығым,
Сүйреткен бәрі сүлдерін.
Сезіндім өмір сұмдығын,
Аязын көрдім шілденің.
Ойраны шыққан секілді,
Жүрегі беріш ортаның.
Ар-ұят тозып, сетілді,
Алдағы күннен қорқамын.
Өзімше мен де өрнектеп,
Суретін сала берейін.
Бір күні біреу шөлдеп кеп,
Өсірер ішіп мерейін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазайын десем менсіз де өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жазайын десем менсіз де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазайын десем менсіз де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазайын десем менсіз де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері