Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім

Бұл бетте «Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 850
Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім,
Сөздерің сенің есімнен шықпай жүр бүгін.
Сол түні сенің мас болып жаттым жаныңда,
Тек өзің болып, тек өзің болып құлдығым.
Көршінің сонда сәулесі бөлеп бөлмені,
Ауғанша түн де жарығы бір сәт сөнбеді.
Жалаңаш қана көрпеге сыймай, ой, Аллай-ай,
Жынды қып қойдың сен мені.
Шаршай да шаршай, құқайым болмай көрмеген,
Қинаған еді көктемес ойлар көлденең.
Рахат-ләззат у болып тамып өзекке,
Ағыл да тегіл терлегем.
Жүзіңде сенің жүзді де бір сәт мұң сынып,
Кеудем бір менің тұншығып жатты күрсініп.
Өзіңді-өзің ұмытып кеттің алқынып,
Не деген ауыр тіршілік!
Шақырмай тауық, атпаса екен таң дедім,
Қақпаса екен есікті келіп әлде кім.
Аймалап жатып, еркелеп жатып қасыңда,
Құрып та бітті әл-демім.
Сол күні сенің балқып-ақ жатты бал денең,
Қырық жыл бойы кездеспей кеткен нәрлі өлең.
Жоқ еді басқа фәниде, жердің бетінде,
Бақытты адам дәл менен!
Пендемін мен де қоя да алам неге мін,
Құладым саған, өзімде білмей себебін.
Адамға Алла жалғыз-ақ рет беретін,
Өмір деген де сен едің!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері