Цунами – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Цунами» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 986
Цунамидың толқыны жайпап өтті жеті елді,
Мол шығынмен бір тосын өз міндеті өтелді.
Үнді мұхит тулап бір адамзатқа ой салды,
Тұншықтырып деміне қатты-қатты жөтелді.
Таудай-таудай толқындар
топан болып тоғытты,
Өлген өшті, ал тірі күңіреніп қорықты.
Қабат-қабат үйлердің қабырғасы қақырап,
Кермек суы мұхиттың шатырларға толыпты.
Құрлық бетін құрсады арнасынан аунақшып,
Жан қайғы боп жасыды
ашкөз біткен жауласқыш.
Саясаттар салқындап, шекаралар сетілді,
Көмейіне құм толды жағы семіп дауласқыш.
Тасқын, дауыл, сілкініс,
құмырсқа мен шегіртке –
Жаратқаннан ескерту
құлға берген желікпе.
Он сегіз мың ғаламды бір қауызға сиғызған,
Көрінеді пендеге алуан ерекшелік те...
Білу керек күнәлі: Аллаһтың құлы біз едік,
Келу қажет иманға мынау пенде түзеліп.
Цунамидың толқыны тоздырмасын десеңдер,
Айналайын ағайын, Алла алдында тізе бүк!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Цунами өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Цунами өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Цунами өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Цунами өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері