Азау, Азау дегенің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.11.2015
  • 0
  • 14
  • 44924
Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай нарты екен!
Білейім мен жаман күн
Болатсыз қылыш кесерін,
Айналасы алты жылдың ішінде
Есақай, Қосай екі ұл
Азау билеп өсерін!
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ кылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе, Бетегелі
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!


Пікірлер (14)

жадыра

Басқа өлеңдері бар ма?

Армангуль

Автордың атына(Доспамбет Жырау) басу керек

айдана

Тарихи сөздер тауып бберіңіздерші

Дильназ

Не мынау жазганды емс мулде баска шыгып тур.не оленнин аты жок не оленнин авторы жок

Мадина

Дильназ, соқырмысың? Азау, Азау дегенің және Доспамбет Жырау деп тұрған жоқ па?

Дильназ

Кешириниздер буны баска оленге жазайын деп едим мында шыгып кетипти

ТОҒЖАН

керемет маған керек еді

Жансая

жақсы өлеңдер екен

Іңкәр

Доспамбет жыраудың басқада жырлары бар ма? Бар болса жіберіңіздерші

Ғазиз

Автордың аты-жөніне немесе суретіне бассаң Доспамбет Жырау басқада жырларының тізімі ашылады

Нұрсулу

Рахмет админ (ка)

Аслан

Махамбеттің өлеңдерінде дәл осы шумақтар келедіғо,қайсыныкі екен,мысалы айналайын ақ жайық махаибеттеде барғой

Маған ұнаған жоқ .Маған керекті сөз жоқ

Басқа өлең бар ма?

Дастан

Өлең өте мазмұнды әрі әсерлі шыққан! Доспамбет Жыраудың «Азау, Азау дегенің» өлеңі қазақ классикалық поэзиясының рухани және тарихи мәнін терең көрсетеді — батырлық, елге деген сүйіспеншілік пен ержүректілік сияқты кілт тақырыптар ашады. Бұл өлеңде қазақ жырауларының «Азау, Азау» сөзі арқылы өткеннің ер‑жігітті, туған жер үшін күресті қалай айшықтап бергені айқын көрінеді, әрі «Қоғалы көлдер, қом сулар» сияқты дәстүрлі поэтикалық бейнелермен байытылған. Қазақ әдебиеті мен фольклорындағы тарихи ойды түсіну үшін бұл шығарма нағыз құнды материал екені сөзсіз. Осындай терең мазмұнды өлеңдерді жиі жариялап отыру маңызды!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азау, Азау дегенің өлеңінің авторы кім?

Доспамбет Жырау — осы өлеңнің авторы.

Азау, Азау дегенің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Азау, Азау дегенің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Доспамбет Жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азау, Азау дегенің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері