Қараңғыдан жол тауып – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Қараңғыдан жол тауып» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Ел үмітін шығу үшін дәл ақтап,
Түк мақсатсыз шаппау керек далақтап.
Даласы мен ұлтын сүйе білетін,
Болу керек жарқыраған жаны аппақ.
... Сонсоң қадам басылса ғой байыппен,
Қанатыңды қағар едің жайып кең.
Жасың мыңға жалғасар ед өлімсіз,
Құрдас болып Ертіс, Іле, Жайықпен.
Ел үмітін ақтау үшін әуелі,
Ата салтын сыйлап өткен тау елі.
Нәр жинаса құнары мол өлкеден,
Жеміс ағаш секілді бір мәуелі.
Өзімді-өзім салып сондай баптарға,
Шілде менен шынықтырам ақпанға.
Жортып келем қараңғыдан жол тауып,
Алдымдағы арман болған ақ таңға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараңғыдан жол тауып өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қараңғыдан жол тауып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараңғыдан жол тауып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараңғыдан жол тауып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері