Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 777
Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп,
Аздырып басыңды ілер көгені көп.
Алданба, елес қуып, есің кетер,
Исламнан басқа жолдың көмегі жоқ.
Наркүмән күндер өтті әрі-сәрі,
Таңдардың ата берді тағы саны.
Коммунист алжастырды діннен безген,
Ұқпадық жанның нұрмен табысарын.
Өзінен тұрғанындай өңір ғалам,
Адамның шайтан жеңді көбін надан.
Аллаһты шын таныған күннен бастап,
Өзгеріп сала берді өмір маған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері