Өлең, жыр, ақындар

Жердің құрты – пенделердің бірімін

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Жердің құрты – пенделердің бірімін,
Күндерімнің бірі кірбең, бірі мұң.
Мөлдірімді сыйлайыншы дегенше,
Шашады олар басыма кеп іріңін...
«Айналайын», «кешіріңіз» – сөз өлген,
Қыршып тілді қиналсам да төзем мен.
Көздерінен өшпенділік оты ұшып,
Қабағы ызғар, еріндері кезерген.
Ілтипатпен сыйластығың жоқ бүгін,
Құрбан шалған кебін киді тоқтының.
Жан дүниені ашаршылық жайлаған,
Неге керек киім, асың, тоқтығың?!
Мен біреуді өкпелетіп алмасам,
Деп шығамын «Тура жолға Алла сал!»
Ал, біреудің көрмейін деп жәбірін,
Сабырлықтың етегіне жармасам.
...Бекер болып соның бәрі, тез күйреп,
Шайтан болып шатастырар безбүйрек.
Мөлт-мөлт еткен тұнығымды ластайды,
Қисық-қыңыр, тікен-шөгір сөз билеп.
Айналайын мейірім мен ізгілік,
Іздеп жүрмін сар ізіңмен үздігін.
Жұт жылында жан сақтаған жарлымын,
Оу, шапағат, шамданбашы, бізді күт!...
Жүрген жерім құм бораған шөл менің,
Шеттерінен ызақорсың, шерлі елім.
Күбірлеймін күнде үйден шығарда,
Тұнығымның шақпайын деп шөлмегін!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы

  • 0
  • 0

Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы,
Жүрегімді тепкілейді,
Тырнайды.
Асаулығы сәл аңғырттау болса да,

Толық

Тозақтың елестейді ұшқындары

  • 0
  • 0

Өліммен бітер болса қасіретің,
Сүйектен сыпырылып жасық етің.
Қажеті қанша дейсің қорқыныштың,
Аузыңа құйылса да тасып өтің...

Толық

Құлдары ұмтылса егер шұғылаға

  • 0
  • 0

Болғанын біле алмадым осым неден,
Бір кезгі алыстадым досымменен.
Жолына қарап әркез отыратын,
Бір үзім нанды бірге тосып жеген.

Толық

Қарап көріңіз