Мүкамалға толы емес – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Мүкамалға толы емес» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Мүкамалға толы емес,
Қора-қопсы, үй-малым.
Жүрегім мұз-тоң емес,
Бар байлығым – иманым.
Бұздым орда отызда,
Алға сүйреп амалым.
Қарсы жүріп от-мұзға,
Алынды нұр – қамалым.
Тазарттым да тәнді удан,
Жүрегіме жүгіндім.
Мұздатқан соң даң-думан,
Сүрелермен жылындым.
Жасқа шылап көзімді,
Толғандырды ой алдан.
Таптым, Аллаһ, өзіңді,
Құлым, деші оянған...
Қырықтағы шағымда,
Көңілде жоқ қара дақ.
Мұсылманның сабында,
Кеттім.
Алла, өзіңе аманат!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері