Мен, мен едім, мен едім
Бұл бетте «Мен, мен едім, мен едім» атты Есет би жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен, мен едім, мен едім!
Қатарға салсаң, қайыспас
Қас қара нар мен едім,
Шабуыл салса шаршамас
Шыны тұлпар мен едім.
Су шашырап, жел тимес,
Аударылмас қара кеме едім.
Қасарысып келгенде,
Қап түбіне сыймаған
Қара болат мен едім.
Қияннан ұшқан қу ілген
Анық сұңқар мен едім.
Тегеурінім теріс біткен,
Тепсем, жілік сындырған
Қыран бүркіт мен едім!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі