Өзімді айыптау – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Өзімді айыптау» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Шыдамсыз, төзімі жоқ, күйгелекпін,
Көмейге көп сөз жетер кимелеп тым.
Жадырап атқан таңдай жүре алмаймын,
Тартады түнегіне сүйрелеп түн.
Әрең тұр жыртылуға жүйкем жидіп,
Ақылым айта алмай тұр икем, билік.
Төгілген ашу – дұспан, жанармайдай,
Оттық боп жақын келіп тисең күйдік.
Сабырды сарқып алған сорлы басым,
Жүректі босқа жаншып, қор қыласың.
Адассам ақылымнан алты секунд,
Айналам – шимай-шатпақ, ор-құласын.
Қоймайды сүйрелеңдеп тілім бұзық,
Болмай тұр күнім – күлкі, түнім – қызық.
Жүрекке жүгінгеннен басқа жол жоқ,
Ұятқа қалдыратын үнімді үзіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімді айыптау өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзімді айыптау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімді айыптау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзімді айыптау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері