Жер шары

Бұл бетте «Жер шары» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1577
Құрлықтар қалқыған қайықтай,
Жер шары бетінде жүзеді.
Басынан қатері айықпай,
Дауыл да үмітін үзеді.
Шар бетін қаптаған көк теңіз,
Жасыл жағалау сәл тыныс.
Байқалар әр тұстан өткел, із.
Өзіне қымтаған тартылыс.
Төгіліп қалмайды, шайқалып,
Буланып кетпейді бұрқырап.
Алыстан қарайды Ай талып,
Айналар ұршықтай зырқырап.
Құрлықтың су қысқан бүйірін,
Толқындар ұрады қапталын.
Алдыңда апан бар иірім,
Зулатып барады қатты ағын.
Мекен ғып адамға берді Алла,
Қонақтың бір түстік асындай.
Осындай сыналар жер бар ма?
Ұшуда сақпанның тасындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер шары өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жер шары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер шары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер шары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері