Ар – Қуандық Шаңғытбаев

Бұл бетте «Ар» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 5066
Тәңірім сен! Жаббар, саған бағынам,
Жалбарынам, жалғыз саған жалынам.
Патша тәжі жолда жатса, қайрылмай,
Теуіп өтіп, тап алдыңа табынам.
Сен сау болсаң, сана, сабыр сарқылмас,
Әділетімнің толы арнасы тартылмас.
Қара дүние қаптап келсе, қаймықпан:
Ажал қаупі ар күшінен артылмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері