Жаңбырдан кейінгі Алматы – Қуандық Шаңғытбаев

Бұл бетте «Жаңбырдан кейінгі Алматы» атты Қуандық Шаңғытбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1913
Алматының өзі, шіркін, тұрған жыр!
Төкті-ау бір күн дүркін-дүркін дүр жаңбыр,
Көшелерде күміс жалын жалтылдап,
Толықсыды қоңыр-шымқай гүл жамбыл.
Жаңбыр сосын таусылды да басылды,
Сырлы инағаш манар тауға асылды,
Қолшатырлар қанаттарын жинады,
Торғын аспан мөлдіреп кеп ашылды.
Ару қала салқындап тұр жеп-желең,
Көшелерге көл орнады көлденең.
Көл бетінде ақ торқа бұлт шомылып,
Көл түбінде аспан жатыр көлбеген.
Осы сәтті күн қимайтын секілді,
Әйнектерге қонды нарттай екінді.
Жібек жұпар бұрқырайды жан-жақтан,
Шалқиды, айхай, самал сүйіп бетімді.
Гүлге толы, нұрға толы Алматым,
Сөн тұрғанда, қайтем аспан жәннатын?
Қадіріңді білмейміз ғой кейде біз,
Еһ, Алматым, махаббатым, ләззатым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырдан кейінгі Алматы өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шаңғытбаев — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырдан кейінгі Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырдан кейінгі Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шаңғытбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырдан кейінгі Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері