Күн иісі – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Күн иісі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 766
Бүгін бұл жақта (Семейде) сақылдаған сары аяз.
Маңғыстау шілдесін де сағынады екен-ау, адам деген.
Шыжыған күн. Жер кеткендей жұмсарып,
Ыссы тозаң, ауа күл боп, ұнталып.
Күн атаның құшағында Жер сұлу
Жатады екен бір ес жиып, бір талып.
Махаббаты жанған шағы ғаламның,
Сынар кезі ұлдарын да даламның.
Мен ес жидым ойнап келген даладан,
Шашын иіскеп күн сасыған баламның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн иісі өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн иісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн иісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн иісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері