Жүзінші тілек – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Жүзінші тілек» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Отырмыз біз ет пісірім қозғалмай
Жұқа жүйке, жұқа жерлер тозғандай.
Бұлақ болып ағып жатыр шарабы,
Желдей ескен, оңды-солды сөз қандай.
Жас жұбайлар, ал сол үшін — ішелік!
Ата-анасы,ол үшін де — ішелік!
Былтыр өлген әкесіне — ішелік!
Бөбек болар ілгеріде — ішелік!
Бастық болсын болашақта — ішелік!
Ден саулығы, сол үшін де — ішелік!
Ақ жаулығы, сол үшін де — ішелік!
Оң саулығы, оған да бір — ішелік!
Ерте кезек тигендері жайдары,
Кезек күткен ойға кетіп қайдағы.
Сөз бермесең — арын төктің, сорлының,
Адам қоры, қотыр түйе тайлағы.
Мен санадым тоқсан тоғыз "ішелік"
Ішкен сайын кейбіріне күш еніп.
Ал біреуі үш ұмтылып тұра алмай,
Тырбаңдайды, байғұс, шындап күшеніп.
Жүзінші боп мен де тұрдым орнымнан,
Ішкіштерге бір әдемі тор құрғам.
Ішпесең де ұстап тұр деп бергенін,
Алмай қойдым, әз тілекті қор қылман.
Ұмытпадым беріктігін елімнің,
Мақтан еттім көрік-нұрын келіннің.
Қонақ, сірә, ырысымен демей ме,
Құтты қонақ қабылдасын төрің мың.
Тағы айтылды ойға сонда түскендер
Сөз қорлайсың, тыңдамайды ішкендер.
Ең соңында: "Ей халайық! — дедім мен,
Осы тілек үшін бірақ ішпеңдер!".

Ақтау. 27.10.1993 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзінші тілек өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүзінші тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүзінші тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүзінші тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар