Опыну

Бұл бетте «Опыну» атты Есенбай Дүйсенбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3137
Ұқсағым кеп өзімше Абайларға,
Ұрыс ашып мансапқа малай-қарға,
Талаптының берем деп бағын ашып,
Таяқ жеппін болысып талайларға.
Жалпылдаумен жандай-ақ мәңгі жайнар,
Жақсылықты санаппын сәнді қайнар.
Көңілінен дәметкен Абайлықтың
Көп те екен Дәркембай, Дәндібайлар.
Бауындай деп бәрі де бір ішіктің,
Пенделіктен, әйтеуір, ірі шықтым.
Ол білмесе, бір Құдай біледі деп,
Шаруасына теп-тегін кірісіппін.
Жатақтардың жақыбай қасқалары
Оңай дейді-ау биліктің тас қамалы.
Ақыреттің азабын мен тартам да,
Ат-шапанын алғыстың басқа алады.
Сондықтан да көңілде қапа-қайғы
Бұзауы өлген сиырдай жапалайды...
Көк аттыны көлденең көсем көріп,
Көмектескен бейбақты атамайды.
Tap кешуде талант деп сайрап бақтым,
Тапқаным не? Демеймін қаймақ таптым.
Жазғыратын Құнанбай болмағасын,
Ит-құс ішер судай бір жайдақтаппын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Опыну өлеңінің авторы кім?

Есенбай Дүйсенбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Опыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Опыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенбай Дүйсенбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Опыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері