Ай тікті отауын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ай тікті отауын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Іңірде шықса егер далаға,
Аспаннан не қызық балаға!
Жалтырап ұқсаған танаға
Жұлдыздан көздерін ала ма!
Әжемнің етегін уыстап,
Тұрып мен қарасам құныстап,
Самалдай түн лебі аймалап,
Қулана жымиып ай қарап,
Өзіне тартып ол алатын,
Қиялым жаятын қанатын.
«Қарағым, қарама айға көп.
Сиқырлы сыр бар ол айда» – деп
«Алла оны естірдей» сыбырлап,
Қарт әжем ақырын сыр ұрлап –
«Аспан ол тәңірінің мекені
Өзіне аян не екені.
Айды да қолыңмен нұсқама», –
Дегенде ақ жүзі сұстана,
Аспанды жүрсем де жүз көріп,
Қалтырай қалушы ем мұз болып.
Саналған қалды ол ескі ұғым?
Әлемді шарлады, есті үнім!
Ғарышты-алысты анықтап,
Жеңімпаз көгімде қалықтап,
Ракетам қанатын кең жайып,
Айға да жол аштық ғажайып,
Жайы мен жөнімен танысып,
Айменен кеттік біз табысып.
Космостың сырларын жасырын
Тұңғышы азаттық ғасырдың –
Меңгерді жаңашыл Отаным!
Ай тікті ғажайып отауын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай тікті отауын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ай тікті отауын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай тікті отауын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай тікті отауын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері