Заңдылық
Бұл бетте «Заңдылық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тізіліп ескен,
Қатары қаздай,
Сыңсыған ағаш
Орманның іші.
Қос жасыл шырша
Қосарын жазбай,
Тәрізді тұрған
Үлкен мен кіші.
Кішісі: Шіркін!
Осынау ерен
Болсам-ау мына
Шыршадай биік.
Ол жақын менен
Тұрғанын көрші,
Төбесі сонау
Көк бұлтқа тиіп.
Дегендей көкке
Телміре түсіп,
Өседі бойлап,
Күн Нұрын сүйіп.
Қарасақ ойлап,
Көңілге түйіп,
Жастықтың дәйім
Арманы – биік!
Ал үлкен шырша
Байсалды ғана
Қояды оған
Көз қырын салып.
Жастыққа жалын
Жарастық тапқан,
Қызығып іштей
Тұрғаны анық:
«Балапан едің.
Келесің өсіп,
Көктемі жанның
О, жарқын жастық!
Өкшелеп қуып
Келеді уақыт,
Құтылдық қалай,
Қай жаққа қаштық?» —
Дегендей үлкен
Шырша тұр сұлық.
Заңды ғой аңсау
Кейінді қалған.
Дейміз бе заңсыз
Биікті қалап,
Қыранша құзды
Еткенді арман!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі