Еңбек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Еңбек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1408
Дүниеге мені әкелген
Еңбек сен – ғазиз анамсың.
Қиынның кілтін әперген,
Өскелең ойым, санамсың.
Адамның ортақ халіне:
Жасқа да, мосқал кәріге,
Келтірер өмірді әріне
Мейірман доссың бәріне.
Тән мүгедек болса сен,
Жеткізесің кемісін.
Жан мүгедек болса сен,
Дауасысың, емісің.
Сен жеңбейтін дерт бар ма?
Бабын сен дереу табасың.
Өршітпей опат өртке арна,
Талқан қып тасқа шабасың.
Сондықтан сені сүйемін,
Сүйемін қымбат досымдай.
Тек саған басымды иемін.
Қадірін үшін осындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбек өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Еңбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері