Қош келдің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қош келдің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2014
Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем,
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!
Қош келдің, міне, төріміз,
Өзіндей мен де бауырмал.
Құрметім әзір көріңіз,
Қадірмен аға бауырлар!
Поэзия кегінің
Жұлдызы ақын Зүлфия,
Сіңлің мен де өзіңнің,
Жаныма жарқын жыр ұя.
Күләшімнің құрбысы,
Қош келдің бұлбұл, Халима,
Өнердің озық үлгісін
Өзге деп қауым тани ма!
Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем!
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош келдің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қош келдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош келдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош келдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері