Қош келдің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қош келдің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2065
Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем,
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!
Қош келдің, міне, төріміз,
Өзіндей мен де бауырмал.
Құрметім әзір көріңіз,
Қадірмен аға бауырлар!
Поэзия кегінің
Жұлдызы ақын Зүлфия,
Сіңлің мен де өзіңнің,
Жаныма жарқын жыр ұя.
Күләшімнің құрбысы,
Қош келдің бұлбұл, Халима,
Өнердің озық үлгісін
Өзге деп қауым тани ма!
Ұлы мен қызы дос елдің,
Есімін білген күллі әлем!
Құшағым, міне, қош келдің!
Халқынан қазақ мың сәлем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері