Не десе жұрт, о десін, айқын маған – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Не десе жұрт, о десін, айқын маған» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2152
Не десе жұрт, о десін, айқын маған:
Жердің сырын толықсып Ай тыңдаған:
Сен де, сәулем, тыңдашы, бір сырым бар
Бұрын-соңды өзіңе айтылмаған!

Өртенбесе бұл жүрек алқынбаған,
Сақылдаған ыстық қан салқындаған.
Ай қабағым, тыңдашы, бір сөзім бар
Бұрын-соңды өзіңе айтылмаған.

Түннен кейін көтерер күн еңсені,
Сол бір сөзде тірліктің құн-өлшемі.
Айтайын ба?
Айт десең – тыңда онда:
«Сүйем сені, сәулешім, сүйем сені!»
«Бір айтқанды мың айту ермек нендей!» –
Дедің күліп, шайқап жел тербеткендей.
«Сүйем» деген әр сөзім жаңа сөз ғой
Жылда келер жаңарып әр көктемдей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не десе жұрт, о десін, айқын маған өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Не десе жұрт, о десін, айқын маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не десе жұрт, о десін, айқын маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не десе жұрт, о десін, айқын маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері