Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам,
Сендей таза болсын бәрі күнәдан.
«Алыс жолдан келгеніңде төсіңе
Қандай бақыт, – дейсің, – өксіп құлаған».

Сен биіксің, аспан деген жай биік,
Сен күлімдеп қабағыңмен ай қиық:
«Қандай бақыт, – дейсің, – мынау жалғанда
Берген саған өз қолыммен шай құйып!»

Қасқа лақтай ойнақтаған еркем ең,
Қайық болсам, сен қанатты желкен ең.
«Қандай бақыт, – дейсің, – сені қия алмай
Аттандырып тұрған күнде ертемен».

Лаулап жанған жүректегі от өше,
Тойынбайық көздің мынау еті өсе.
Сен бақытты болсаң дәйім менімен,
Мен бақытты болғаным ғой екі есе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйсе мені сендей сүйсін бір адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері