Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам – Жүсіп Қыдыров

Бұл бетте «Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам» атты Жүсіп Қыдыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам,
Оны көрсе, мылқау жүрек сарнаған.
Желөкпелер желіп өтіп қасыңнан,
Сүймесе де, саған өлең арнаған.

Сүймесе де, саған өлең арнаған,
Сүйемін деп сені, өзін алдаған.
Сендей өртті менше сүйер жасқанбай,
Айтшы өзің, бұл фәниде бар ма адам?

Айтшы өзің, бұл фәниде бар ма адам
Тапқанынша Сені – тыным алмаған:
Мен бе екенмін Сені іздеп құс қанатты,
Ат тұяғы жетпес жерге бармаған?!

Жырға қоспай тұра алады сені кім,
Ерлігі жоқ сабаздардың көбінің.
Бір көргенде өлең арнап жазғанмен,
Мына мендей арнай алмас өмірін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам өлеңінің авторы кім?

Жүсіп Қыдыров — осы өлеңнің авторы.

Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жүсіп Қыдыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлулыққа құмартпайтын бар ма адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері